AI-Gov порталы

Деректер мен технологияларға сүйене отырып, экожүйелік және адамға бағытталған тәсілдерді интеграциялау арқылы мемлекеттік басқаруды трансформациялауға арналған ғылыми-тәжірибелік платформа

Мақсаттар

  • Адамға бағдарлану, экожүйелік тәсіл және цифрлық технологиялар қағидаттарына негізделген мемлекеттік секторда адами ресурстарды басқарудың заманауи моделін әзірлеу

Міндеттер

  • Мемлекеттік қызметтегі HRM бойынша әлемдік тәжірибе мен заманауи тұжырымдамаларды талдау
  • Бизнес пен мемлекеттік сектордағы экожүйелік және адамға бағытталған кадрлық басқару тәжірибелерін зерделеу
  • E-Kyzmet платформасы арқылы жасанды интеллект пен машиналық оқытуды қолдана отырып, HR-процестерді талдау және цифрландыру
  • Адами ресурстарды стратегиялық басқару бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу
  • Нәтижелерді жүйелеу және тәжірибелік ұсынымдар әзірлеу

Күтілетін нәтижелер

  • Жаңа HRM моделі
  • HRM деректерін талдау үшін жасанды интеллект элементтері бар платформаның прототипі
  • Монография (оқулық) және авторлық куәліктер
  • Кадрлық шешімдерді қабылдау үшін үлкен деректерді басқару әдістемесі
  • Scopus және WoS базаларына кіретін ғылыми журналдардағы мақалалар
  • HR мамандарына арналған жаңа буынның білім беру бағдарламалары

Команда

Кері байланыс

Мекен-жайы

Астана қ., 33а Абай даңғылы, Мемлекеттік басқару Академиясы