Мемлекеттік органдар
Зерттеу нәтижелерін мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік органдардың кадрлық бөлімдері мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары үшін пайдалануға болады. Жобаның практикалық маңыздылығы кадрларды іріктеу, дамыту және бағалау үдерістерін оңтайландыруға, сондай-ақ кадр саясатын және кәсіби даму бағдарламаларын іске асыру тиімділігін арттыруға бағытталған тәсілдерді қолдануда
Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган
Пилоттық апробацияға қатысушылар
«E-Kyzmet» платформасы негізінде Бірыңғай қызмет көрсету орталығының прототипін апробациялау аясында Қазақстан Республикасының Көлік, Мәдениет және ақпарат, Су ресурстары және ирригация, Ауыл шаруашылығы, Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің қызметіне функционалдық талдау жүргізілді. Функциялар мен процестерді талдау негізінде қайталанатын, тән емес және артық функциялар анықталды, сондай-ақ орталықтандыру мен стандарттау әлеуеті бар кадрлық және әкімшілік процестер айқындалды. Апробация нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарды кадрлық және әкімшілік сүйемелдеудің сервистік моделін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірленді.
AI‑GOV